2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтар да жергілікті атқарушы органдар төлейтін жарналар есебінен МӘМС жүйесінде сақтандырылады.
Бұл өзгеріс халықтың әлеуметтік осал топтарын медициналық сақтандырумен қамтуды кеңейтіп, сапалы медициналық қызметке қолжетімділікті арттыруға бағытталған.





