№1 Қалалық емханада Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 35-бабының 1, 2, 3, 5-тармақтарында орындау үшін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі жұмыс істейді.
Егер Сіз:
- медициналық көмек көрсету сапасы мен ұйымдастырылуына қанағаттанбасаңыз;
- медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактілерімен кездессеңіз;
- сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, төменде көрсетілген телефондар арқылы №1 Қалалық емхананың Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне хабарласыңыз
![]() |
|
![]() |
|
![]() |
|
Сіз жазбаша өтінішіңізді өз атыңызды, тегіңізді, байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, әрбір қабатта немесе біздің сайтта орналасқан "Өтініштер жәшігінде" қалдыра аласыз 1gp.kz "немесе Facebook парақшасында пікір қалдыру, Instagram.
№1 Қалалық емхананың Пациенттерге қолдау көрсету қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және өтінішті қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді. Біздің ұйымда медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін Сіздің өтініштеріңіз, түсініктемелеріңіз бен тілектеріңіз үшін Сізге алғыс айтамыз.
ҚҰРМЕТТІ ЕМДЕЛУШІЛЕР МЕН ЕМХАНАҒА КЕЛУШІЛЕР!








