Регистратура взрослая +7 (727) 273-20-93 Регистратура детская +7 (727) 397-46-63 info@1gp.kz

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу қүқығындағы "№ 1 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс

10 мамыр – Денсаулық үшін қозғалыс күні

Қазақстан Республикасында 10 мамыр күні Денсаулық үшін қозғалыстың бүкіләлемдік күні (World Move for Health Day) атап өтіледі — бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бекіткен халықаралық шара.

Акцияның мақсаты — қоғамды дене белсенділігінің және белсенді өмір салтының пайдасы туралы ақпараттандыруды арттыру, адамдарды тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау.

«Денсаулық үшін қозғалыс» күні – 2002 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырған халықаралық іс-шара, оның мақсаты – дене белсенділігін насихаттау.

Дене белсенділігінің денсаулыққа әсер ететініне ешқандай күмән жоқ. Біз бәріміз «Қозғалыс – бұл өмір, ал өмір – қозғалыс!» деген сөзді естігенбіз. Бұл – шындық. Қозғалыстың жетіспеушілігі ағзамыздағы күрделі биохимиялық және физиологиялық үдерістерге кері әсер ететіні белгілі. Осыдан шығатын қорытынды: адам кез келген мүмкіндікте қозғалыста болуы керек. Тек дене жаттығулары мен спорт жүрек бұлшықетінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп, көптеген аурулардың алдын алады.

Ұлттық бағдарлама аясында «Денсаулық үшін қозғалыс күні» (10 мамыр) бойынша №1 емханада келесі іс-шаралар өткізілді:

Сынып сағаттарында «Оқушылардың дұрыс тамақтануы», «Көкөністер мен жемістер – пайдалы тағамдар», «Дүниежүзілік денсаулық күні», «Таңғы жаттығу не үшін қажет?», «Темекінің зияны туралы» тақырыптарында әңгімелер жүргізілді; «Мен денсаулығымды сақтаймын – өзіме өзім көмектесемін!» атты салауатты өмір салты бойынша интерактивті викторина өткізілді; балалар мен оқушылар арасында «Көңілді жаттығу» акциясы ұйымдастырылды; мектепке дейінгі ұйымдарда «Пайдалы тағамдар» ойыны өткізілді; сондай-ақ №19 жалпы білім беретін мектепте қан қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтау бойынша «Өз қысымыңды, қантыңды және холестериніңді біл!» акциясы өткізілді.