Регистратура взрослая +7 (727) 273-20-93 Регистратура детская +7 (727) 397-46-63 info@1gp.kz

Тіліңізді таңдаңыз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу қүқығындағы "№ 1 қалалық емхана" КМК
Ресми интернет-ресурс

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы

Фашистік Германияны 1941–1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста жеңу күні – бүкіл әлемде ең құрметті әрі қадірлі мерекелердің бірі. Көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда да бұл күн демалыс күні болып саналады.
Жеңіс күнін 9 мамырда атап өтеді, себебі дәл осы күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 1:00-де Германияның сөзсіз тізе бүгу туралы актіге қол қойылған. Бұл мереке алғаш рет 1945 жылы Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңіс шеруі өткен кезде атап өтілді.
Қазақстан Республикасында Жеңіс күні екі күн — 9 және 10 мамырда атап өтіледі. Бір ай бойы қайырымдылық акциялары мен түрлі іс-шаралар өткізіледі. 9 мамыр күні Қазақстанның барлық білім беру және мәдени мекемелерінде соғыс батырларын еске алуға арналған көптеген мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
Жеңіс күні мерекесіне орай №1 қалалық емхана мамандары:
1. 15 және 29 сәуір күндері ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар және тыл еңбеккерлері үшін мамандарды тарта отырып, үйде кешенді тексеру жүргізіп, дәрі-дәрмек жеткізді.
2. 6 мамыр күні ҰОС ардагерлері және тыл еңбеккерлері үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды, түрлі мамандар қатысып, зерттеулер жүргізілді.
3. Қозғалуға мүмкіндігі жоқ науқастарға үй жағдайында әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді.
4. №19 мектеп қызметкерлері арасында «Қан қысымыңызды, холестериніңізді, қандағы қант деңгейін біліңіз» атты акция өткізілді.