10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық сақтау күні атап өтіледі. Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық сақтау федерациясының бастамасымен белгіленді.
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күнін өткізудің негізгі мақсаты - барлығына психикалық денсаулық мәселелерін еске түсіру және психикалық денсаулықты нығайтуға қоғамның күш-жігерін жұмылдыру.
Психикалық денсаулық - бұл адамдарға өмірдегі стресстік жағдайларды жеңуге, өз әлеуетін жүзеге асыруға, табысты оқуға және жұмыс істеуге және қоғамға үлес қосуға мүмкіндік беретін психикалық әл-ауқат жағдайы.
Психикалық денсаулық - бұл әртүрлі бұзылулардың болмауы ғана емес, сонымен қатар адам күйзеліске төтеп бере алатын, нәтижелі жұмыс істейтін әл-ауқат жағдайы.
Тұрақты және сау психикаға апаратын негізгі қадамдар:
- Күн тәртібін сақтаңыз.
- Дұрыс және теңдестірілген тамақтаныңыз.
- Денсаулығыңызды бақылаңыз.
- Эмоцияларыңызды басқаруды үйреніңіз.
- Спортпен айналысыңыз.
- Сізге жағымды эмоциялар беретін нәрсеге назар аударыңыз.
- Жағымсыз әсерлерді азайтуға тырысыңыз.
- Ұйықтар алдында демалыңыз.
- Позитивті ойлауды және барлық жағынан жақсылықты көруді үйреніңіз.
- Қолдау мен көмек іздеңіз.
Дүниежүзілік психикалық денсаулық сақтау күні аясында ШЖҚ-дағы «№1 Қалалық емхана» КМК-да келесі іс-шаралар өткізілді :
- «Ашық есік күні», бейінді мамандардың қатысуымен (ЖПД; лор-дәрігер; педагог- психолог; әлеуметтік қызмет, егде жастағы денсаулықты нығайту және психологиялық тұрақсыздықтың алдын алу мәселелері бойынша қызметкерлерді тартуымен жүгінушілердің денсаулықтарын сұхбаттасу арқылы тексеру.
- Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қабылдауда және учаскеде тұрғындар арасында профилактикалық әңгімелер (темекі шегуден, алкогольден бас тарту дағдыларын, стресстік жағдайларды жеңу жолдарын үйрету)
- № 161,12,19,52,33 ЖБбМ, 4 оқушылар арасында стресстік жағдайларды ескеру, мінез-құлық қауіп факторларының алдын алу (темекі шегуден және алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту; дұрыс тамақтану және дене белсенділігі қағидаттарын сақтау), қолайлы орта құру мәселелері бойынша дәрістер, сынып сағаттарында әңгімелесулер өткізілді.





