Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Зерттеуге алдын ала дайындалу

Қуық қалтасы мен қуық асты безін УДЗ жасау:

  • УДЗ-ға түсіргенге дейін 1.5 - 2 сағат бұрын шамамен 1-2 литрдай сұйықтық (шәй, су, шырын сусын және т.б.) ішу керек.
  • Зерттеуге қуық қалтасы тола болып келу керек (дәретханаға бармай).
  • Трансректалды зерттеудің алдында тазалау клизманы жасап, тоқ ішекті босату керек.

Кіші жамбас органдарын УДЗ арқылы зерттеу
трансабдоминалды зерттеу үшін (іш құрсағы арқылы) гинекологиялық УДЗ –ге қуық қалтасын дайындау қажет: зерттеуге дейін 1 сағат бұрын 1 – 1,5 литрдай газдалмаған сұйықтық ішу керек, сонымен зерттеуге дейін зәр шығармай, дәретханаға бармау керек.

Трансвагиналдық (трансқынаптық) қынап арқылы) гинекологиялық УДЗ үшін арнайы дайындық қажет емес, зерттеу бос қуық қалта кезінде жасалады.

Акушерлік УДЗ (жүктілік кезіндегі УДЗ ) несептің қалыпты толтырылған қуық қалтасы кезінде УДЗ жасалады (емшараға дейін 1 сағат бұрын 2 стакан сұйықтық ішу керек).
ЭХОКГ зерттеуі (жүректі УДЗ ): осындай зерттеуге ЭКГ, қалқан бездің УДЗ нәтижелерін ала келу керек, ондай зерттеу кезінде арнайы дайындық қажет емес;

Бүйрек УДЗ: ондай зерттеу кезінде арнайы дайындық қажет емес;

ЭКГ зерттеу: ондай зерттеу кезінде арнайы дайындық қажет емес.

Ішперде қуысы органдарының (ІҚО) УДЗ: ішперде қуысы органдарының эхографиясын түннен тамақ ішпей, ашқарынға таңертең жасалады, дегенмен шұғыл жағдайларда ондай зерттеу кез келген мезгілде жасалады. Көптген жағдайда ерекше дайындық қажет етілмейді, кейде толық (денелі) пациенттерде метеоризм ауруына шалдыққандығы көрініп тұрғанымен, сапалы тексерілу қиындау.

Ішекте газ болуы негізделген кедергілерді азайту үшін 2-3 күн ішінде өсімдік қабыршықтарынан әзірленген жеңіл емдәмді тұтыну, ішектің газдануын күшейтетін азық-түлік тағамдарын қолданбау. Одан да басқа, карболен, ферменттік препараттарды (фестал, дигестал) дәрмектерді тұтыну ұсынылады.

Спирометрияны жүргізу бойынша алгоритмдері: пациенттің қолында кеуде органдарының флюрографиясының немесе рентгенографиясының нәтижелері болуы керек. Тредмилтесті жүргізу алгоритмі: пациенттің қолында ЭКГ, ЭХОКГ (жүрек УДЗ) нәтижелері болу керек. Зерттеуге дейін 2 күн алдын мына препараттарды: B - блокаторлар, антагонисттер, кальций, нитраттарды тұтынбау керек.

Асқазан-ішек жолдарының үстінгі жақтарын эндоскопиялық жабдықта пациенттерді зерттеу (фиброгастродуоденоскопия) алгоритмі: пациент зерттеуге дейін 8 – 12 сағаттай тамақ ішпеуі керек, ал таңертең зерттеу күні де тамақ та, сұйықтық та, дәрі де тұтынбай, аш қарынға бару керек. Бұл зерттеуді аш қарынға пациентті сол жағымен жатқызып, арнайы кабинетінде жасалады.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb