Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

КӨЗДІҢ КӨРУІН ҚАЛАЙ САҚТАУҒА БОЛАДЫ

Осы қарапайым кеңестерді орындай отырып, күннің көп бөлігінде компьютерде жұмыс істеу керек болса да, көру қабілетін сақтау оңай.

Жиі жыпылықтату. Көздің құрғауының себептерінің бірі – көзді сирек жыпылықтату. Компьютерде жұмыс істеген кезде адам көбінесе экраннан пернетақтаға көп қарайды. Ми көздің мұндай қозғалысын жыпылықтату ретінде қабылдайды. Бірақ көз толықтай жабылмағандықтан, олар жеткілікті дәрежеде тазарып, ылғалданбайды. Сондықтан компьютерде жұмыс жасай отырып, көзді қорғауды қамтамасыз ету үшін жиі жыпылықтауға тырысу керек.

Компьютерлік көзілдірікті пайдалану. Мұндай көзілдіріктер монитордың жарқылын жоюға және суреттердің алуын түрлілігін арттыруға арналған. Жоғары сапалы компьютерлік көзілдіріктердегі линзаларда монитор экранынан шығатын көгілдір жарықты өткізбейтін арнайы сүзгілер қарастырылған. Мұндай сәулелер көздің торына зиян келтіруі мүмкін, сондықтан көру өткірлігі төмендейді. Бірақ көзілдірік компьютерде жұмыс істеген кезде көзді сақтауға көмектесетініне сенімді болу үшін оларды таңдауды офтальмологқа тапсырған дұрыс.

Мониторды дұрыс орнату. Ол перделермен жабылмаған терезеге қарама-қарсы орналаспауы керек. Бұл экранның жарықтығы мен оның артындағы кеңістіктің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына әкеліп, көздің көруіне ыңғайсыздықты, шаршауын, көзге күштің түсуін, бас ауруын тудырады. Көру бағыты да маңызды. Монитор пайдаланушының көз деңгейінен 10 сантиметр жоғары болатындай етіп, көзді қорғауға және экранның жағымсыз әсерін азайтуға болады.

Жұмыста тұрақты үзіліс жасауды ұйымдастыру. Көз аз шаршауы үшін әр 20 минут сайын компьютер экранына қарамай, кем дегенде 30 секунд қашықтыққа қарау керек. Сол уақытта көздің демалуы және бұлшықеттерін босаңсыту үшін көзге арналған шағын жаттығуларының кешеніне арнауға болады.

Офтальмологиялық тексерулерден үнемі өту. Көру қабілетінің бұзылуын тек офтальмолог анықтай алады. Ол түзету құралдарын тағайындайды және пайдалы ұсыныстар береді. Мұндай тексерулерден үнемі өтіп, сіз көптеген көз ауруларының дамуына жол бермей, көру қабілетін сақтай аласыз.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb