Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

КВИ бойынша карантин мерзімі 10 күнге дейін қысқарады - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы карантин мерзімдеріне қатысты көзқарасты қайта қарау туралы хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында карантин мерзімдеріне және тиісінше «Ashyq» мәртебесінің өзгеру мерзімдеріне қатысты ақпаратпен бөлісті.

«Науқаспен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Сонымен қатар, 7 тәулікке ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған жағдайда карантин аяқталады», - деп атап өтті.

Бұл ретте, егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин ПТР тестін қосымша тапсырусыз 10 күнде аяқталады.

Бұл өлшемдер бас мемлекеттік дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі қаулыларында және «Ashyq»!жұмыс ережелері мен мәртебесінің өзгеруін айқындайтын қаулыда көрініс тапты.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb