Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Емханаға қабылдау

15 қыркүйекте Қазақстанда емханаға (бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдарына) тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады, аталмыш науқан үстіміздегі жылдың 15 қарашасына дейін өтпек.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген «Азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркеу Ережелеріне сәйкес, азаматтар өздері дәрігерді, медициналық ұйымды бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шеңберінде, шекара аумақтарында тұратын азаматтарды қоспағанда, өз еркімен таңдауға құқығын есепке алуымен, азаматтарды БМСК ұйымдарына тіркеу олардың тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенжайы, оқу орны, жұмыс орны бойынша іске асырылады, олар азаматтардың өз еркімен медициналық ұйымға тіркелу құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлігінде, жақын орналасқан емханаға тіркеледі.

Жыл сайын 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін БМСК ұйымдарына тіркеу бойынша қауқаны өткізілмек. Науқан кезінде емханаға тіркелу кезінде тегін медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік көлемінің шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тиісті келісімшартты келесі жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірге жасаған жағдайда, Сіз көмекті алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап аласыз. Ағымдағы жылы медициналық көмекті Сіз бұрын тіркелген медициналық ұйымда алуды жалғастырасыз.

Одан да басқа, медициналық ұйымға тіркелуді өзгерту БМСК ұйымды қайта құрған немесе жойған жағдайда, бір жылда бір реттен аспайтын, дәрігерді және медициналық ұйымды өз еркімен таңдау тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын немесе жұмыс орнын бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шеңберінен тыс жерге ауыстырған жағдайда өзгертуге болады.

Тіркелу бір жылда бір реттен аспайтын, БМСК тек бір ғана ұйымына тіркелуге болады.

Емханаға тіркелу жеке басын растайтын құжатының және өтінішінің негізінде, сондай-ақ «электронды үкімет» веб-порталы арқылы медициналық ұйымға жүгінген жағдайда іске асырылады.

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb