Ахуалдық орталық: +7 (727) 273-43-07 Жұмыс уақыты 08:00-ден 17:00-ге дейін
COVID-19 мәселелері жөніндегі Call-орталық: +7 (727) 273-10-61 Жұмыс уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 53 үй
Электронды поштасы: info@1gp.kz;
Call-орталық емханасының байланыс телефон нөмірі: +7 (727) 273-03-87
Жұмыс уақыты сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін

Медицина қызметкерінің күні!

2018 жылдың 14 маусымда Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек дәрігерлерді Медицина қызметкерлердің күнімен құттықтады. Салтанатты марапаттау шарасы барысында өз маманының озаттарын құттықтай отырып, қажымас еңбегі үшін алғыс білдірді деп «Қазинформ» МИА тілшісі хабарлайды. Құттықтау сөзінен кейін Бауыржан Байбек озат медицина қызметкерлерін марапаттады. Сонымен қатар Алматылық дәрігерлерді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева құттықтады.

Осы айтулы күні қалалық конкурстағы 10 номинация бойынша қатысқан үздік медицина қызметкерлері анықталды.

«Үздік дәрігер» номинациясының жеңімпазы қалалық кардиология орталығындағы кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сұрашев Нұрсан Сейітұлы болды, ол «2018 жылдың Үздік дәрігері» номинациясы бойынша республикалық конкурстың жеңімпазы аталды.

«Үздік мейіргер» номинациясының жеңімпазы № 5 Қалалық клиникалық ауруханасының мейіргері Мырзабаева Назира Нұрғалиқызы болды, ол да «2018 жылдың Үздік мейіргері» номинациясы бойынша республикалық конкурсына қатысып, жүлделі болып оралған болатын.

«Үздік менеджер – денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы» номинациясының жеңімпазы ретінде ШЖҚ «№1 Қалалық емхананың» МКК бас дәрігерінің орынбасары Попова Анастасия Юрьевна атаққа ие болды.

«Үздік провизор» номинациясында ең жақсы деген атағына №7 Қалалық клиникалық ауруханасындағы дәріханасының меңгерушісі Кагальникова Татьяна Анатольевна ие болды.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бейінінің үздік дәрігері» номинациясында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің қызметкері Дархан Алдонгарұлы Сисеновқа тең келетін тұлға болмады.

«Үздік тәуелсіз сараптамашы» номинациясындағы сыйлықты № 5 қалалық клиникалық ауруханасындағы ішкі аудит қызметінің басшысы Майя Өтегенқызы Болшанова ұтып алды.

«Денсаулық сақтау ісінің үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясында № 5 қалалық клиникалық ауруханасының әлеуметтік қызметкері Маргарита Вячеславовна Асылбекова жеңіп алды.

«Медицина колледжінің үздік оқытушысы» номинациясында Алматы медицина колледжінің оқытушысы Майра Заманбекқызы Сәрсенбаева жеңімпаз болды.

«Үздік фельдшер» номинациясында жеңіске қолжеткізген № 32 қалалық емхананың қызметкері Еркебұлан Мейірланұлы Рысдәулетов.

«Санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасының үздік маманы» номинациясының жеңімпазы ретінде Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиолог-маманы Эльвира Ілиясқызы Ибрагимова танылды.

Қала әкімінің Алғыс хатымен (30 медицина қызметкері), «Еңбек ардагері»медалімен ( денсаулық сақтау жүйесінің 7 ардагері), «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеудебелгісімен (15 медицина қызметкері) және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» (15 медицина қызметкері) кеудебелгісімен қаланың еңбегі сіңген медицина қызметкерлері марапатталды.

ШЖҚ «№1 Қалалық емхана» МКК бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша орынбасары Анастасия Юрьевна Попованы мақтаныш тұтады.

http://almatyzdrav.kz

Яндекс.Метрика
Городская поликлиника №1 г. Алматы
Сайт разработан в компании AlmaWeb